ЖАРИЯ ОФЕРТАҒА №1 ҚОСЫМША
A.B.L. FITNESS & SPA
КЕШЕНІНЕ КЕЛУ ЕРЕЖЕЛЕРІ
ПРЕАМБУЛА
Осы A.B.L. FITNESS & SPA спорттық-сауықтыру кешеніне келу ережелері (бұдан әрі — Ережелер) кешеннің аумағында болу тәртібіне, мінез-құлыққа, қауіпсіздік шараларын сақтауға, инфрақұрылымды пайдалануға және қызметтерді алуға қойылатын міндетті талаптарды белгілейді. Бұған A.B.L. FITNESS & SPA кешенінің барлық функционалдық аймақтары мен форматтары (жаттығу залы, топтық бағдарламалар, аквааймақ, SPA-аймақ, балалар аймағы және басқа да мамандандырылған аймақтар) кіреді.
Ережелер келесі мақсаттарда әзірленген:
• Кешенге келушілердің, олардың қонақтары мен қызметкерлерінің өмірі мен денсаулығының қауіпсіздігін қамтамасыз ету;
• жайлы, сыпайы және тәртіпті орта қалыптастыру;
• Кешен мүлкін және оның аумағындағы барлық тұлғалардың заңды мүдделерін қорғау;
• A.B.L. FITNESS & SPA қызмет көрсетудің бірыңғай стандарттарын, клубтық мәдениетті және қызмет сапасын сақтау.
Осы Ережелер A.B.L. FITNESS & SPA кешенінің дене шынықтыру-сауықтыру және SPA-қызметтерін көрсету туралы Жария офертасының ажырамас бөлігі болып табылады және келесі тұлғалардың орындауы үшін міндетті:
• клуб карталарының иелері;
• клуб карталары иелерінің қонақтары;
• ілесіп келетін тұлғалар үшін;
• кәмелетке толмағандардың заңды өкілдері;
• Кешен аумағында заңды негізде жүрген өзге де үшінші тұлғалар.
Осы Ережелермен таныспау, сондай-ақ оның ережелерімен келіспеу, аталған тұлғаларды оларды сақтау міндетінен және жіберілген бұзушылықтар үшін жауапкершіліктен босатпайды.
Кешен аумағында нақты болу, оның инфрақұрылымы мен қызметтерін пайдалану, клуб картасын сатып алу немесе пайдалану, Мобильді қосымшада тіркелу, қызметтерге ақы төлеу немесе Жария офертаны акцептеу (қабылдау) осы Ережелермен толық және сөзсіз келісуді білдіреді.
Осы Ережелердің ережелері мен Жария оферта арасында қарама- қайшылықтар туындаған жағдайда, Жария офертаның талаптары басымдыққа ие болады.
A.B.L. FITNESS & SPA ҚҰНДЫЛЫҚТАРЫ МЕН ӨЗАРА ІС-ҚИМЫЛ ПРИНЦИПТЕРІ
1. Фитнес пен денсаулық — энергия мен өмір сапасының көзі
A.B.L. FITNESS & SPA фитнесті, қозғалысты және денеге күтім жасауды өмірлік энергияның, физикалық және эмоционалдық денсаулықтың, ішкі тепе-теңдік пен жағымды эмоциялардың ресурсы ретінде қарастырады. Кешеннің атмосферасы күш-қуат, қалпына келу, даму және процесс барысындағы қуаныш кеңістігі ретінде қалыптасады. Кешенде болудың әрбір сәті келушілердің әл-ауқатын, көңіл-күйін және өмір сапасын жақсартуға ықпал етуі тиіс.
2. Клиентке деген абсолютті бағдар, қауіпсіздік және жайлылық
Келушілердің мүдделері, қауіпсіздігі мен жайлылығы — кеңістікті ұйымдастыруда, қызмет көрсетуде және жаттығу процесіндегі басты басымдық. A.B.L. FITNESS & SPA сервис пен инфрақұрылымды келесі мақсаттарда құрады:
Өмір мен денсаулыққа төнетін қауіптерді азайту;
қызметтердің түсініктілігін, ашықтығын және болжамдылығын қамтамасыз ету;
барлық келушілер үшін ерекшеліксіз жайлы және сыпайы орта қалыптастыру.
3. Клубтық мәдениет және өзара құрмет
Кешен келушілерден, қонақтардан және қызметкерлерден бір-біріне әдепті, құрметпен және мейіріммен қарауды күтеді. Кешен аумағында келесілерге жол берілмейді:
Қауіпсіздікке қатер төндіретін әрекеттер;
психологиялық қысым, агрессия, жанжалдар;
өзге тұлғалардың жеке шекарасын, абыройын және жайлылығын бұзатын мінез-құлық.
4. Жеке жауапкершілік — ортақ тәртіптің негізі
A.B.L. FITNESS & SPA қызметкерлері мен келушілері келесілер үшін жеке жауапты:
Кешен тарапынан: көрсетілетін қызметтердің сапасы, жаттығу қауіпсіздігі, мүліктің сақталуы және қызмет көрсету стандарттары.
Келушілер тарапынан: Келу ережелерін сақтау, жабдықтарды дұрыс пайдалану, қауіпсіздік талаптарын орындау және өзгелерге құрмет көрсету.
5. Тәртіп және брендке құрмет
Келушілер Кешеннің беделіне нұқсан келтіретін, A.B.L. FITNESS & SPA брендін беделсіздендіретін немесе басқаларға моральдық/физикалық зиян келтіретін әрекеттерден (соның ішінде әлеуметтік желілерде) аулақ болуға міндеттенеді.
6. Келісімдер мен рәсімдерді сақтау
Кешен шешімдерді уақтылы қабылдау, жауапкершілікті нақты бөлу («кім — не — қашан») және бекітілген хаттамаларды сақтау принциптерін ұстанады. Келушілерден сабаққа жазылу, жаттығудан бас тарту және клуб карталарын пайдалану шарттарын сақтау талап етіледі.
7. Жаттығу мен денсаулыққа саналы көзқарас
Қызметкерлердің ұсыныстары кәсіби стандарттарға негізделген және жарақат алу қаупін азайтуға, сабақ тиімділігін арттыруға бағытталған. Бұл ұсыныстарды орындау — жалпы қауіпсіздік жүйесінің бөлігі.
2. ЖАЛПЫ МІНЕЗ-ҚҰЛЫҚ ЕРЕЖЕЛЕРІ
2.1. Жалпы принциптер
2.1.1. Клиенттер мен қонақтар осы Ережелерді, қоғамдық тәртіп нормаларын және Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасын сақтауға міндетті.
2.2. Сыпайы мінез-құлық және кемсітушілікке жол бермеу
2.2.1. Агрессияның кез келген түріне, қорлауға, жынысына, жасына, ұлтына, дініне немесе денсаулық жағдайына қарай кемсітуге қатаң тыйым салынады.
2.3. Жанжалды және штаттан тыс жағдайлар
2.3.1. Жанжал туындаған жағдайда клиент дереу әкімшілікке немесе кезекші қызметкерге хабарласуы тиіс. Күш қолдану арқылы мәселені өз бетінше шешуге тыйым салынады.
2.4. Музыкалық және техникалық сүйемелдеу
2.4.1. Музыка мен бейнебаяндарды әкімшілік белгілейді. Жабдықтарды өз бетінше қосуға немесе баптауға тыйым салынады. Розеткаларды тек қызметкерлердің рұқсатымен пайдалануға болады.
2.5. Жалпы шектеулер мен тыйымдар
2.5.1. Қатты сөйлесуге, бейпіл сөздерді қолдануға тыйым салынады.
2.5.2. Киімді тек арнайы шешінетін орындарда ауыстыру керек.
2.5.3. Жаттығу аймақтарына ірі габаритті заттармен (үлкен сөмкелер, рюкзактар) кіруге болмайды. 2.5.4. Ауыстыратын аяқ киім болмаған жағдайда бахила кию міндетті.
2.5.5. Жаттығу және демалыс аймақтарында тамақ ішуге тыйым салынады (арнайы орындардан басқа).
2.6. Ақпараттық және визуалды саясат
2.6.1. Жарнама тарату немесе сауалнама жүргізу тек әкімшіліктің жазбаша келісімімен жүзеге асады.
2.6.2. Фото және видео түсірілім үшін әкімшіліктің алдын ала рұқсаты қажет.
2.6.3. Кешен логотипі немесе интерьері бейнеленген материалдарды жариялау үшін келісім керек. Әкімшілік талап еткен жағдайда мұндай материалдар дереу жойылуы тиіс.
3. ҚАУІПСІЗДІК ЕРЕЖЕЛЕРІ
3.1. Мас күй және тыйым салынған заттар
3.1.1. A.B.L. FITNESS & SPA спорттық-сауықтыру кешенінің (бұдан әрі — Кешен) аумағында алкогольдік, есірткілік, токсикологиялық немесе өзге де мас күйдегі адамдардың, соның ішінде осындай күйдің қалдық белгілері бар тұлғалардың болуына тыйым салынады.
3.1.2. Кешеннің бүкіл аумағында келесілерге тыйым салынады:
алкогольдік ішімдіктерді ішу;
есірткі, психотроптық және өзге де тыйым салынған заттарды пайдалану.
3.1.3. Шылым шегуге, соның ішінде электронды сигареттерді, вейптерді, темекіні қыздыру жүйелерін және өзге де ұқсас құрылғыларды пайдалануға Кешеннің барлық үй-жайларында және бүкіл аумағында қатаң тыйым салынады.
3.2. Тыйым салынған заттар мен бұйымдар
3.2.1. Кешен аумағына келесілерді алып кіруге тыйым салынады:
атыс, суық, газды және өзге де қару түрлерін;
жарылғыш, тез тұтанғыш, улы, радиоактивті заттарды;
химиялық белсенді, өткір иісті немесе келушілердің өміріне, денсаулығына немесе Кешен мүлкіне зиян келтіруі мүмкін өзге де заттар мен бұйымдарды.
3.2.2. Кешен әкімшілігі аталған заттар немесе бұйымдар анықталған тұлғаны Кешенге кіргізбеуге немесе аумақтан шығуын талап етуге құқылы.
3.3. Жануарлар
3.3.1. Қазақстан Республикасының заңнамасында тікелей көзделген жағдайларды қоспағанда, Кешен аумағына үй жануарларымен, қызметтік және өзге де жануарлармен кіруге тыйым салынады.
3.4. Жеке заттар мен құндылықтар
3.4.1. Клиенттердің жеке заттары, киімі мен аяқ киімі шешінетін орындарда орналасқан жеке шкафтарда сақталуы тиіс.
3.4.2. Құнды заттарды сақтау үшін клиенттер Кешенде бар болса, сейфтік ұяшықтарды пайдалануға құқылы.
3.4.3. Кешен қараусыз қалдырылған немесе арнайы жабдықталған сақтау орындарынан тыс жерде орналастырылған жеке заттардың жоғалуы, бүлінуі немесе ұрлануы үшін жауапкершілік көтермейді.
3.5. Қызметтік және техникалық аймақтарға кіру
3.5.1. Кешеннің қызметтік, техникалық, инженерлік және кіруі шектелген өзге де аймақтарына кіруге тыйым салынады.
3.5.2. Кешеннің жабдықтарын, инженерлік жүйелері мен коммуникацияларын өз бетінше қосуға, өшіруге, баптауға немесе пайдалануға жол берілмейді.
3.6. Жалпы қауіпсіздік талаптары
3.6.1. Клиенттер қауіпсіздік техникасы талаптарын, Кешен қызметкерлерінің нұсқаулары мен көрсетпелерін, сондай-ақ Кешен аумағында орналасқан ескерту белгілері мен ақпараттық белгілерді сақтауға міндетті.
3.6.2. Өзін нашар сезінгенде, жарақат алғанда, өміріне немесе денсаулығына қауіп төнген жағдайда клиент бұл туралы дереу Кешен қызметкеріне хабарлауға міндетті.
3.6.3. Кешен қауіпсіздікті қамтамасыз ету, техникалық, санитарлық немесе профилактикалық іс-шараларды жүргізу мақсатында жекелеген аймақтарға, жабдықтарға немесе қызметтерге қолжетімділікті уақытша шектеуге немесе тоқтата тұруға құқылы.
3.7. Апаттық және штаттан тыс жағдайлар
3.7.1. Апаттық, төтенше немесе штаттан тыс жағдайлар (өрт, түтін шығуы, су басу, электр қуатының өшуі және өзге де жағдайлар) туындаған кезде клиенттер:
сабырлылық сақтауға;
Кешен қызметкерлерінің нұсқауларын орындауға;
қажет болған жағдайда қауіпті аймақтан дереу шығып кетуге міндетті.
3.7.2. Эвакуацияға кедергі келтіруге, персоналдың талаптарын елемеуге, дүрбелең туғызуға немесе зиян келтіру қаупін арттыратын әрекеттер жасауға тыйым салынады.
4. ЖАТТЫҒУ ЗАЛЫНА КЕЛУ ЕРЕЖЕЛЕРІ
4.1. Жалпы ұсыныстар және рұқсат беру
4.1.1. Қауіпсіздікті қамтамасыз ету, жаттығу процесінің тиімділігін арттыру және жарақат алу қаупін азайту мақсатында A.B.L. FITNESS & SPA клиенттерге келесілерді ұсынады:
созылмалы аурулар болған жағдайда немесе денсаулық жағдайына күмән болса, алдын ала медициналық тексеруден өту;
Кешен базасында жүргізілетін функционалдық диагностикадан өту;
Кешен нұсқаушысымен немесе жаттықтырушысымен кіріспе (старттық) жаттығуды пайдалану.
4.1.2. Жаттығу залына келуге физикалық жүктемелерге медициналық қарсы көрсетілімдер болмаған жағдайда жол беріледі. Клиент өзінің физикалық күйін бағалауға және персоналға ықтимал шектеулер туралы хабарлауға жеке жауапты болады.
4.2. Гигиена және тәртіп
4.2.1. Жаттығу залында сабақ өткізу кезінде клиент санитарлық-гигиеналық нормаларды сақтау мақсатында жеке сүлгіні пайдалануға және оны жаттығу құрылғыларының, орындықтардың және өзге де жабдықтардың бетіне төсеуге міндетті.
4.2.2. Жаттығулар аяқталғаннан кейін клиент пайдаланылған жабдықтарды (гантельдерді, грифтерді, дискілерді, кілемшелерді және өзге де заттарды) арнайы бөлінген орындарға қайтаруға міндетті.
4.2.3. Спортық құрал-саймандарды өту жолдарында, айналардың, қабырғалардың жанында және жабдықтарды сақтауға арналмаған өзге де жерлерде қалдыруға тыйым салынады.
4.3. Қауіпсіздік және жаттығуларды орындау техникасы
4.3.1. Клиент қауіпсіздік техникасы ережелерін, жабдықты пайдалану жөніндегі нұсқаулықтарды, сондай-ақ Кешеннің кезекші нұсқаушылары мен жаттықтырушыларының ұсыныстарын сақтауға міндетті.
4.3.2. Жаттығу залында келесілерге тыйым салынады:
спорттық құрал-саймандарды еденге тастауға;
персоналдың рұқсатынсыз жаттығу құрылғыларын жылжытуға, бөлшектеуге немесе модификациялауға;
жабдықты тағайындалмаған мақсатта немесе жаттығуларды орындау техникасын бұза отырып пайдалануға.
4.3.3. Жабдықтың ақаулары анықталған жағдайда клиент оны пайдалануды дереу тоқтатып, бұл туралы кезекші нұсқаушыға немесе Кешен әкімшісіне хабарлауға міндетті.
4.4. Жабдық үшін жауапкершілік
4.4.1. Клиенттер Кешен мүлкі мен жабдықтарын қасақана немесе абайсызда зақымдағаны үшін Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында көзделген тәртіппен материалдық жауапты болады.
4.4.2. Жабдықты өз бетінше жөндеуге, баптауға немесе оның жұмысына араласуға қатаң тыйым салынады.
4.4.3. Техникалық, профилактикалық немесе санитарлық іс-шаралардың жүргізілуіне байланысты жаттығу залының жабдықтары мен жекелеген аймақтары өтемақы төленбестен уақытша қолжетімсіз болуы мүмкін.
4.5. Құрал-саймандар мен қосымша құралдарды пайдалану
4.5.1. Магнезияны пайдалануға тек арнайы бөлінген аймақтарда және тек кезекші нұсқаушының рұқсатымен жол беріледі.
4.5.2. Белдіктерді, тартпаларды, бинттерді және өзге де қосымша құралдарды қауіпсіздік талаптарын, санитарлық нормаларды және Кешен персоналының ұсыныстарын сақтаған жағдайда пайдалануға болады.
4.6. Дербес жаттығулар
4.6.1. Жаттығу залындағы дербес жаттығуларды тек A.B.L. FITNESS & SPA ресми жаттықтырушылар құрамына кіретін жаттықтырушылар ғана өткізеді. 4.6.2. Кешен қызметкері болып табылмайтын бөгде тұлғаларды тартып, жаттығулар, нұсқаулықтар мен кеңестер өткізуге тыйым салынады.
4.7. Киім және сыртқы келбет
4.7.1. Жаттығу залына тек қауіпсіздік пен гигиенаны қамтамасыз ететін арнайы спорттық киіммен және жабық спорттық аяқ киіммен кіруге болады.
4.7.2. Келесі жағдайларда сабақ өткізуге тыйым салынады:
жағажайлық, үй немесе ашық аяқ киіммен (соның ішінде сланцы);
спорттық киімнің үстіңгі бөлігінсіз;
жабдықты зақымдауы мүмкін немесе қауіпсіздікке қатер төндіретін киіммен.
5. ТОПТЫҚ ЖАТТЫҒУЛАРҒА КЕЛУ ЕРЕЖЕЛЕРІ
5.1. Жалпы талаптар
5.1.1. Топтық жаттығулар кезінде клиенттер нұсқаушының (жаттықтырушының) нұсқауларын қатаң әрі мүлтіксіз орындауға міндетті.
5.1.2. Нұсқаушының көңілін бөлуге, сөзін бөлуге, түсініктеме беруге, жаттығу бағдарламасын түзетуге немесе сабаққа кедергі келтіретін өзге де әрекеттер жасауға тыйым салынады.
5.2. Киім үлгісі
5.2.1. Топтық жаттығуларға тек арнайы спорттық киіммен және сабақ форматына сәйкес келетін жабық спорттық аяқ киіммен қатысуға болады.
5.2.2. Жалаңаяқ, сланцымен немесе басқа ашық аяқ киіммен, сондай-ақ спорттық киімнің үстіңгі бөлігінсіз жаттығуға қатаң тыйым салынады.
5.3. Топтық бағдарламалар залдарына жіберу және онда болу
5.3.1. Топтық бағдарламалар залдары тек Кешеннің бекітілген кестесі бойынша топтық жаттығулар өткізуге және Кешен жаттықтырушыларымен дербес жаттығулар өткізуге арналған.
5.3.2. Клиенттің жаттығу залында өзінің расталған топтық жаттығуынан тыс уақытта немесе басқа клиенттің дербес жаттығуы кезінде болуына тыйым салынады.
5.4. Кесте және тіркелу
5.4.1. Жаттығулар Кешеннің ақпараттық тақталарында және (немесе) Мобильді қосымшасында көрсетілген кестеге сәйкес өткізіледі.
5.4.2. Жаттығуға жазылу Мобильді қосымша арқылы немесе әкімшілік белгілеген өзге тәсілмен жүзеге асырылады.
5.5. Кешігу, жазылудан бас тарту және келмеу
5.5.1. Топтық жаттығуларға кешігуге жол берілмейді.
5.5.2. Нұсқаушы 10 (он) минуттан астам кешіккен клиентті жаттығуға жібермеуге құқылы. 5.5.3. Жаттығудан бас тарту оның басталуына дейін кемінде 2 (екі) сағат бұрын жасалуы тиіс.
5.5.4. Жазылудан дер кезінде бас тартпаған немесе келмеген жағдайда Кешен клиенттің топтық жаттығуларға қатысуын 3 (үш) күнтізбелік күнге дейін шектеуге құқылы.
6. ДЕРБЕС ЖАТТЫҒУ ҚЫЗМЕТТЕРІН КӨРСЕТУ ЕРЕЖЕЛЕРІ
6.1. Қызмет көрсету шарттары
6.1.1. Дербес жаттығу қызметтері тек алдын ала толық төлем жасалғаннан кейін көрсетіледі. 6.1.2. Жаттығуларды тек A.B.L. FITNESS & SPA ресми жаттықтырушылар құрамына кіретін мамандар өткізеді.
6.2. Шектеулер мен тыйымдар
6.2.1. Кешен жаттықтырушысы болып табылмайтын тұлғалардың кез келген түрде жаттығу немесе кеңес өткізуіне тыйым салынады.
6.2.2. Клиенттерге басқа тұлғаларға жаттығу қызметтерін көрсетуге немесе Кешен инфрақұрылымын коммерциялық мақсатта пайдалануға тыйым салынады.
6.3. Дербес жаттығудан бас тарту немесе оны ауыстыру
6.3.1. Жаттығудан бас тарту немесе оны ауыстыру белгіленген уақыттан кемінде 6 (алты) сағат бұрын хабарлануы тиіс. Олай болмаған жағдайда қызмет көрсетілген деп есептеледі және ақша қайтарылмайды.
7. БАССЕЙНГЕ, ФИН САУНАСЫНА, ТҮРІК ХАМАМЫНА ЖӘНЕ ТҰЗ БӨЛМЕСІНЕ (SPA-АЙМАҚ) КЕЛУ ЕРЕЖЕЛЕРІ
7.1. Жалпы қауіпсіздік талаптары
7.1.1. SPA-аймақ жоғары жауапкершілік аймағы болып табылады.
7.1.2. Беткі қабаттар тайғақ болуы мүмкін. Клиенттер таза, тайғанамайтын ауыстыратын аяқ киімді пайдалануы тиіс.
7.2. SPA-аймақ мәртебесі және сыртқы келбетке қойылатын талаптар
7.2.1. SPA-аймақ қоғамдық кеңістік болып табылады.
7.2.2. Жалаңаш жүруге қатаң тыйым салынады. Міндетті киімдер: шомылу костюмі (купальник), халат, сүлгі.
7.2.3. Бұл талаптар ерлерге де, әйелдерге де ортақ. Аймақта екі жыныстың өкілдері және балалар болуы мүмкін болғандықтан, этикалық нормаларды сақтау міндетті.
7.3. Термалдық аймақтардағы мінез-құлық (сауна, хамам)
7.3.1. Термалдық аймақтарда тасқа (каменка) су немесе май құюға, киім кептіруге, орындықтарда аяқ киіммен отыруға және кез келген косметикалық процедураларды (пилинг, скраб және т.б.) жасауға тыйым салынады.
7.4. Тұз бөлмесіне келу ережелері
7.4.1. Тұз бөлмесінде тамақ ішуге, қатты сөйлесуге, тұз беттерін бүлдіруге тыйым салынады.
7.5. Бассейн аймағындағы мінез-құлық
7.5.1. Жүгіруге, ернеуден (бортик) секіруге, бөлуші арқандарға асылуға тыйым салынады. 7.5.2. Бассейнге тек баспалдақпен, суға арқамен қарап түсу керек.
7.5.3. Жүзу сағат тіліне қарсы бағытта (оң жақпен қозғалу, сол жақпен басып озу) жүзеге асырылады. Ортаңғы жолақ тек сенімді жүзетін адамдарға арналған.
7.8. Бассейнге арналған киім үлгісі
7.8.1. Тек синтетикалық материалдан жасалған шомылу киімімен (купальник, плавки) кіруге болады.
7.8.2. Жүзу қалпағын (шапочка) кию міндетті.
8. КӘМЕЛЕТКЕ ТОЛМАҒАНДАРДЫҢ КЕШЕНГЕ КЕЛУ ТӘРТІБІ
8.1. Жалпы ережелер
8.1.1. Кәмелетке толмаған тұлғалардың A.B.L. FITNESS & SPA (бұдан әрі — Кешен) аумағына келуі жасын, көрсетілетін қызметтер форматын, физикалық жүктеме деңгейін, санитарлық және қауіпсіздік талаптарын ескере отырып жүзеге асырылады.
8.1.2. Кәмелетке толмаған клиенттердің өмірі, денсаулығы, мінез-құлқы, сондай-ақ олардың осы Ережелерді сақтауы үшін толық жауапкершілікті олардың заңды өкілдері көтереді.
8.1.3. Кәмелетке толмаған балаға клуб картасын, қонақ ретінде келуін, дербес немесе топтық сабақтарын рәсімдей отырып, заңды өкіл келесілерді растайды:
медициналық қарсы көрсетілімдердің жоқтығын;
Жария оферта және осы Ережелердің шарттарымен келісетінін;
баланың әрекеттері мен мінез-құлқы үшін толық жауапкершілікті өз мойнына алатынын.
8.2. Жас санаттары және келудің жалпы тәртібі
8.2.1. 14 (он төрт) жасқа толмаған тұлғаларға Кешен аумағына тек келесі жағдайларда ғана кіруге рұқсат етіледі:
Дербес жаттығулар аясында;
Кешен бекіткен арнайы балалар секциялары мен бағдарламалары аясында;
Кешен жаттықтырушысының тікелей бақылауымен. 14 жасқа толмаған тұлғалардың Кешенге өз бетінше келуіне тыйым салынады.
8.2.2. 14-тен 16 жасқа дейінгі тұлғаларға Кешенге келуге келесі жағдайларда рұқсат етіледі:
тек заңды өкілінің немесе дербес жаттықтырушының ілесіп жүруімен;
заңды өкілінің жазбаша келісімі болған жағдайда. Ілесіп жүруші немесе келісім болмаған жағдайда Кешенге кіруге рұқсат берілмейді.
8.2.3. 16-дан 18 жасқа дейінгі тұлғаларға Кешенге келуге заңды өкілінің жазбаша келісімі болған жағдайда және осы Ережелермен жекелеген аймақтар мен сабақ форматтары үшін белгіленген шектеулерді ескере отырып рұқсат етіледі.
8.3. Келу уақыты бойынша шектеулер
8.3.1. Қауіпсіздікті қамтамасыз ету, санитарлық нормаларды сақтау және клубтық мәдениетті қолдау мақсатында кәмелетке толмаған тұлғалардың 21:00-ден (жиырма бір сағат) кейін Кешенде болуына тыйым салынады.
8.3.2. Сағат 21:00-ден кейін кәмелетке толмағандар заңды өкілінің бірге болуына немесе келісіміне қарамастан:
жаттығу залына;
топтық бағдарламалар залдарына;
бассейн мен SPA-аймаққа;
жалпы Кешен аумағына жіберілмейді.
8.3.3. Заңды өкілдер кәмелетке толмаған баланың белгіленген уақытқа дейін Кешен аумағынан уақтылы шығуын қамтамасыз етуге міндетті.
8.4. Аймақтар мен форматтар бойынша шектеулер
8.4.1. 18 жасқа толмаған тұлғалардың жаттығу залына өз бетінше келуіне тыйым салынады (осы Ережелердің 4-бөліміне сәйкес жаттықтырушымен өткізілетін дербес жаттығуларды қоспағанда).
8.4.2. Топтық жаттығуларға 14 жастан асқан тұлғаларға рұқсат етіледі (егер Кешеннің арнайы балалар бағдарламаларында өзгеше көзделмесе).
8.4.3. Бассейн мен аквааймаққа келу осы Ережелердің 7-бөлімінің талаптарын қатаң сақтай отырып жүзеге асырылады.
8.5. Кәмелетке толмағандардың қонақ ретінде келуі
8.5.1. Кәмелетке толмағандардың қонақ ретінде келуі тек заңды өкілі бала үшін толық жауапкершілікті өз мойнына алу туралы жазбаша келісімге қол қойған жағдайда ғана мүмкін болады.
8.5.2. Жаттығу залына қонақ ретінде келуге тек 14 жастан асқан тұлғаларға және тек Кешен жаттықтырушысымен дербес жаттығу форматында рұқсат етіледі.
8.5.3. Топтық жаттығуларға қонақ ретінде келуге 14 жастан асқан тұлғаларға рұқсат етіледі (жоғары қарқынды және күштік бағыттағы жаттығуларды қоспағанда).
8.5.4. 14 жасқа толмаған балалар үшін қонақ ретінде келу тек дербес жаттығулар немесе балалар секциялары аясында, жаттықтырушының бақылауымен және қолданыстағы прейскурантқа сәйкес қосымша ақы төлеу арқылы жүзеге асады.
8.6. Ерекше шарттар мен шаралар
8.6.1. 14 жасқа толмаған тұлғаға клуб картасын осы Ережелерді бұза отырып рәсімдеу фактісі анықталған жағдайда, Кешен пайдаланылмаған кезең үшін өтемақы төлеместен шартты біржақты тәртіпте бұзуға құқылы.
8.6.2. Кәмелетке толмаған бала немесе оның заңды өкілі осы Ережелерді бұзған жағдайда, Кешен Жария офертада көзделген шараларды, соның ішінде келуді уақытша немесе біржола шектеуді қолдануға құқылы.